Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әлем бойынша 10G желісі Қытайда қосылды

Әлем бойынша 10G желісі Қытайда қосылды
Сурет: газета.ру
10G -ын нақты жүктеп алу жылдамдығы 9834 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 1008 Мбит/с жетті

Қытайдың Сионьань қаласында әлемдегі алғашқы 10G кең жолақты желісі іске қосылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Mydrivers.comсайтына сілтеме жасап.

Сюнъань ауданында алғашқы 10G кең жолақты желісін іске қосу үшін  Huawei және China Unicom компаниялары біріккен.

10G -ын нақты жүктеп алу жылдамдығы 9834 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 1008 Мбит/с жетті. Ал желінің кідірісі миллисекунд деңгейіне дейін төмендейді деп түсіндірілген.

Fast Technology мәліметтері бойынша, Қытайда бір миллиардтан астам 5G ұялы байланыс пайдаланушылары бар, бүкіл ел бойынша 18 000-нан астам 5G+ желісін салу жобалары жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 10G желісін дамыту үшін 168 пилоттық жоба қаржыландырылған.

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар