
Синоптиктер елімізде алдағы күндері ел аумағында күн суытып, үсік жүруі ықтимал екенін айтуда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Кейбір өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, түнде солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын түседі.
Тек Ақтөбе, Қызылорда облыстарында антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, 22, 24 сәуірде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында -3 градусқа дейін күн суытып, үсік жүруі ықтимал.
22 сәуірде Қарағанды облысында -1 градусқа дейін, 22, 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында -1...-8 градусқа дейін, 24 сәуірде Ақмола, Қостанай облыстарында -1...-3 градусқа дейін күн суытады деп күтіліп отыр.