Мәдениет
"Дүрбелеңді бірнеше адам бастады": Балаева "Қазақфильм" мәселесі жайлы айтты
- автор kyn.kz
- 23 сәуір, 2025
- 73

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева “Қазақфильм” жұмысына назар аударып отырғанын айтып, оның дербестікке ие болғанын жеткізді.
Дүрбелеңге салып жүрген бірнеше адам. Олар кезінде "Қазақфильмде" жұмыс істеген. Бірақ киностудияның дамуына ешқандай әсер ететіндей жұмыс істемеген. Қазір дау-дамайды бастап, жоқ жерден жасап жүр. Басшылықтан Азамат Сатылбалды кеткен соң, "Қазақфильмнің" ахуалын өз қолыма алып, назар аударып отырамын. Соның нәтижесінде киностудияның қаржылық көрсеткіші оң нәтиже көрсетіп отыр. Демек табыс түсті, ілгерілеу бар, - дейді Аида Балаева.
Министрдің сөзінше, "Қазақфильм молаға айналды" деген сөздер шындыққа келмейді.
Ең бастысы, Мемлекет басшысы заңға қол қойды. Енді "Қазақфильм" кино саласына бағытталған қаражаттың 30 пайызын тікелей алуға құқығы бар. Демек дербестік алып, кино түсіруге мүдделі, - деді ведомство басшысы.