Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Билет сатып алдым”: мәдениет және ақпарат министрі Дженифер Лопестің концертіне баратынын айтты

“Билет сатып алдым”: мәдениет және ақпарат министрі Дженифер Лопестің концертіне баратынын айтты
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Министр Дженнифер Лопестің жанкүйерлерінің арқасында көп адам Қазақстан туралы естіп-білетінін болатынын жеткізді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы үкімет үйінде өткен брифингте журналистер сұраған. 

"Министр ретінде бизнес өкілдері осындай іспен айналысып жатқанына қуанамын, біз оларға жан-жақты көмектесеміз. Әрине, бізде ондай қаражат жоқ (әртіс әкелуге - ред. ескертпесі). Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана барамын, өйткені оның бүкіл әлем мойындаған талантын көргім келеді. Билет сатып алдым, мен де концертке барамын", - деді Аида Балаева.

Министр Дженнифер Лопестің жанкүйерлерінің арқасында көп адам Қазақстан туралы естіп-білетінін болатынын жеткізді. Сонымен қатар Балаева Лара Фабианның концертіне барғысы келетінін айтты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар