“37 градусқа дейін ысиды”: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:42
- 204

Синоптиктер 26, 27 және 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.
"Республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. 26 сәуірде түнде Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз күтіледі", - деді синоптиктер.
Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 10-15 градустан 2-10 градусқа дейін, күндіз 20-27 градустан 6-14 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстік-батысында ауа температурасы түнде 12-20 градустан 7-15 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20-30 градус нөлден жоғары, 28 сәуірде ауа температурасы 10-18 градус аязға дейін төмендейді.
Солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 10-17 градустан 7-12 градусқа дейін, күндіз 20-28 градустан 12-22 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің солтүстігінде түнде ауа температурасы 5-10 градустан 10-17 градусқа дейін көтерілсе, күндіз 21-28 градустан 18-23 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің орталығында ауа температурасы түнде 5-15 градустан 12-17 градусқа дейін болып, күндіз негізгі фон температурасы 23-30 градусты көрсетеді.
Шығыста түнде ауа температурасы 1-8 градус жылы, облыстың солтүстік-шығысында 1-3 градус аяздан 10-15 градусқа дейін, күндіз 20-27 градустан 23-31 градусқа дейін жоғарылайды.
Оңтүстікте ауа температурасы түнде 15-20 градустан 17-23 градусқа дейін, күндіз 28-33 градустан 32-37 градусқа дейін ысиды.
Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 5-17 градустан 10-20 градусқа дейін, күндіз 22-30 градустан 27-35 градусқа дейін көтеріледі.