Қоғам
Ақмола облысында жетім балаға арналған пәтерде мемлекеттік мекеме басшысы тұрып келген
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:05
- 162

Қазіргі уақытта пәтер қайтарылып, балаға берілген
Ақмола облысының аудан орталықтарының бірінде мемлекеттік мекеме басшысы жетім балаға арналған пәтерде екі жыл тұрған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған. 1 балаға тұрғын үй беруден бас тартылған.
"33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған. Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта пәтер қайтарылып, балаға берілген.