Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:53
- 227

Мамыр айында үш мемлекеттік мереке атап өтіледі. Қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтар 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Жеңіс күнін атап өтеді.
Бұл мерекелер жұмыс күндеріне сәйкес келеді. Бес күн жұмыс істейтіндер 1 мамыр демалыс. Алты күндік жұмыс аптасы үшін де 1 мамыр демалыс.
Аптаның ортасында Отан қорғаушылар күні, ал соңында Жеңіс күні атап өтіледі. Бес күндік жұмыс аптасы үшін 7 -9 мамыр мамыр демалыс.
Алты күн жұмыс істейтіндер де мереке күндер демалады.
Сонымен, мамыр айында бес күндік жұмыс аптасындағылар 12 күн демалады. Қазақстандықтар осы айда 19 күн жұмыс істейді.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 8 күн демалыс алады. Олар үшін 23 жұмыс күні болады.