Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Үшеуі бірінен соң бірі келген»: Түркістан облысында 24 жастағы мүмкіндігі шектеулі жігітті туыстары зорлап келген

«Үшеуі бірінен соң бірі келген»: Түркістан облысында 24 жастағы мүмкіндігі шектеулі жігітті туыстары зорлап келген
Сурет: time.kz
Әйелді қайын жұрты арызды қайтарып алуға көндірмек болған

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі 24 жастағы мүмкіндігі шектеулі жігітті 14 жыл бойы жақын туыстары зорлап келген. Бұл туралы жәбірленушінің анасы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, ұлы осы жылдың ақпан айында ғана бала күнінен бері әкесінің жағынан туыс алты ер адамнан зорлық көріп жүргенін мойындаған.

Соңғы зорлық 2024 жылдың ақпан айында болған. Күдіктілердің бірі – 14 жастағы жасөспірім. Анасы зорлық әрекеттері видеоға түсіріліп, кейін кішілерге көрсетіліп отырғанын айтады. Осыдан кейін ол ұлын күнде өзімен бірге жұмысқа алып жүруге мәжбүр болыпты.

 «Үлкендері істегенін видеоға түсіріп, кіші інілеріне көрсеткен. Ал кішілері де олардан көріп, қайталай бастаған. Соңғы екі зорлық 7 және 16 ақпанда болған. Үшеуі бірінен соң бірі келген. Ұлым денесінің ауырып, қанап тұрғанын айтып, маған шағымданды», - дейді анасы.

Полицияға арыз ақпан айында берілген. Бірақ тек қоғам назарын аударғаннан кейін ғана іс облыстық деңгейде бақылауға алынған. Қазіргі таңда бір күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

«Енді қалай өмір сүремін? Тыныштық, ұйқы жоқ. Қан қысымым көтеріліп кетті. Ең бастысы – ұлым үшін қорқамын. Ақпанда полицияға арыз жаздым. Бірақ жергілікті қызметкерлерден ешқандай әрекет болған жоқ. Ешкімді тергеген де, ұстаған да жоқ. Ал қайын жұртым мені арызды қайтарып алуға көндірмек болды. Бес миллион теңге ұсынды, тек дау шығарма деді. Полициямен өздері келісіп қоямыз деген. Тіпті табын жылқыны сатып, соған ақша жинаған. Бірақ мен ешқашан бұған келіспеймін», - дейді әйел.

Жәбірленуші қазір Шымкент қаласындағы психологиялық оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. Адвокат Гүлайхан Тұрсыманова бұл істі тегін қорғап жатыр. Оның айтуынша, тергеу амалдары толық көлемде жүргізілуде, күдіктілер шеңбері анықталған. Енді сараптама нәтижелерін күтіп отыр. Оқиғаның қоғамда үлкен резонанс тудырғаны белгілі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар