“Жиі ұрып-соққан”: Ақмола облысында асыранды баланы қорлаған әйелге сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:33
- 64

Кәмелетке толмаған баланы қатыгездікпен қараған ақмолалық әйел сотта айыппұлмен құтылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақмола соттары. сайтына сілтеме жасап.
Әйелдің 11 жасар баланы темір кетпенмен ұрғаны белгілі болған.
Бурабай аудандық соты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін азаматша С.-ға қатысты қылмыстық іс қарады (ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі).
"Сотта Щучинск қаласының тұрғыны С. 2022 жылдың наурызында психикалық ауру диагнозымен 2014 жылы туылған кәмелетке толмаған Ч.-ны патронаттық тәрбиелеуге алып, оны тәрбиелеу және оған қамқорлық жасау жөніндегі міндеттерді өз мойнына алып, баланы жие ұрып-соғуға ұшыратқаны анықталған.
Осылайша 2024 жылдың қазан айында С. баланың аяғын темір ұсақтағышпен ұрып, денесіне зақым келтірген. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, баланың денесінде сызаттар, тыртық түрінде дене жарақаттары анықталды. Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жай деп кінәліге тәуелді дәрменсіз балаға қатысты қылмыстық теріс қылық жасағанын ескерді", - делінген хабарламада.
Сот С.-ға педагогикалық лауазымдарды атқару немесе кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға айыра отырып, 80 АЕК (295 360 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.