Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде 30 сәуір және 1 мамыр күндері күн суытады

Елімізде 30 сәуір және 1 мамыр күндері күн суытады
Сурет: botanichka.ru
Алдағы күндерге ауа райы болжамы

 

Синоптиктер елімізде алдағы күндері ауа температурасы айтарлықтай төмендейтінін болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжауынша, бұған дейін Қазақстанға жаңбыр әкелген циклон орнын батыстан келетін антициклон басады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Ең алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн суытады.

29-30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 сәуір-1 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау, Абай облыстарында түнде ауа температурасы 0 градустан төмен болады деп күтілуде.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар