Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Подъездегілерді әбден қорқытып тастаған»: белгілі әнші бұрынғы ұлттық қауіпсіздік қызметкерін ұрды деп айыпталды

«Подъездегілерді әбден қорқытып тастаған»: белгілі әнші бұрынғы ұлттық қауіпсіздік қызметкерін ұрды деп айыпталды
Сурет: Ашық дереккөздерден
ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері әншінің үстінен екі айдан кейін арыз түсірген

BikaBreezy лақап атымен танымал әнші, әрі блогер Биназир Ермагамбетова бұрынғы ҰҚК-нің экс-қызметкері, көршісімен болған дау туралы айтып, президентке видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы блогер өзінің желідегі парақшасында жариялады. Айтуынша, көршісі полицияға «денсаулыққа қасақана зиян келтірді» деген айппен оған қарсы талап арыз тастаған.

«Құрметті президент қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР Бас прокуроры Берік Ноғайұлы сіздерден Алматы қаласының Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің болған жағдайға әділетсіздік танытқанына назар аударсаңыздар екен деймін.  Көршім Рахадилов есігімнің алдында мені ұрып, көшеде ізімді аңдып, бетімнен ұрды. Мен өзімді қорғадым. Қарсылық білдіргеніммен менің де денемде көгерген іздер қалды. Бірақ Медеу аудандық ішкі істер бөлімі бойынша, мен ешқандай қарсылық білдірмеуім керек екен. Ал енді Рахадилов екі айдан кейін төбелес кезінде миы шайқалғанын көрсетіп арыз тастаған. Бұл уақыттың ішінде оған не болғанын білмейміз. Ол сотта өзінің кінәсін мойындап, жылаған болатын. Бірақ енді белгілі уақыт өткеннен кейін мені «денсаулыққа қасақана зиян келтірді» деп айыпты етіп отыр», - дейді Бика.

Сондай-ақ, әнші басқа да көршілерінің ҰҚК -нің бұрынғы қызметкерінің әрекетіне шағымданған жазбаларын бөлісті.

 

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар