"Бишімбаевтың қасында отырғызып қойған": Шәріп Серік ЖИ арқылы видео жасағандарды сотқа берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 сәуір, 2025
- 89

Белгілі актер Шәріп Серік өзін жасанды интеллект арқылы видео жасағандардың үстінен арыз жазды. Ол жерде оны Қуандық Бишімбаевпен бірге отырғызып қойған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш видео 4,5 миллионнан астам қаралым жинаған. Оны жасаған Арман есімді жігіт өзіне аудандық полиция басқармасынан қоңырау шалғанын жазды. Оған Шәріп Серік арыз бергені туралы хабарлаған.
"Қазіргі уақытта ресми жауап алынған жоқ. Маған түсініктеме беру үшін қоңырау түсті. Қазір материалдар тиісті органдарда қаралуда", - деді ол.
Айтуынша, Шәріп Серік немесе оның өкілдері өзіімен байланысқа шықпаған.
Ол адвокат Жанна Уразбаховамен кеңескенін және видеода қылмыс құрамы көрсетілмегенін айтты. Бұл видеода зорлық-зомбылыққа деген өз көзқарасын білдіргенін атап өтті.
"Менің видеомда жалған ақпарат, есімдер немесе жеке айыптаулар жоқ. Оның мақсаты кез-келген зорлық-зомбылыққа қарсы жеке ұстанымымды шығармашылық форма арқылы білдіру", - деп қосты Арман.
Айта кетсек, Шәріп Серік Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатында Бишімбаевпен бірге өзін отырғызып қойған видеоға қатысты арыз бергенін растады.