«Әйелдерді қорлау»: Серік Шәріптің бұрынғы сүйіктісі оның Елікбаевпен болған сұхбатына қатысты пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:41
- 130

Актёр Серік Шәріптің бұрынғы сүйіктісі блогер Әлия Бутеева пиар-маман Әлішер Елікбаевтың актерден алған сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Әлия Бутеева Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Бұл адамдардың арандату сипаттағы әрекеттеріне жауап бергім келмеді. Бірақ бұл тек маған қатысты емес, бұл – әйелдерді қорлау. Олар күліп отыр. Бұл сұмдық. Мен өзіме әрең келе бастадым, ал олар күліп отыр...» , дейді Әлия.
Блогер әкесінің қазасын әлі толық қабылдай алмай жүргенін, бірақ осы жағдайдан соң өзін қорғай алатын жағдайға жеткенін түсінгенін айтты.
«Осы күнге дейін мен әкемнің өлімін толық қабылдай алмадым. Бірақ мына жағдайдан соң шындықпен бетпе-бет келдім. Мен өз өзімді ғана қорғай аламын. Әкем енді келмейді, енді мені ешкім қорғамайды. Бұл – ащы шындық, бірақ шындық. Әкемнің жоқ екенін енді түсіндім...», - деді ол.
Айта кетсек, сәуір айының басында Әлия Бутеева бұрынғы жігіті Серік Шәріптің лифт ішіндегі агрессиялық әрекеті түсіп қалған видеоны жариялаған болатын. Бұл әрекеті үшін актер көпшіліктен кешірім сұрады. Ол 5 тәулікке қамауға алынды.