Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Арабша жазуы бар тумен суретке түскен: қыздардың аналарына айыппұл салынды

Арабша жазуы бар тумен суретке түскен: қыздардың аналарына айыппұл салынды
Сурет: әлеуметтік желіден
Атырауда арабша жазуы бар тумен суретке түскен қыздардың аналары жазаға тартылды

Араб жазуы бар Қазақстан туын ұстаған қыздарды суретке түсірген екі ана айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловқа Ермұрат Бапи депутаттық сауал жолдады.

“Атырау облысындағы оқиғаға байланысты құқық бұзушылық әрекеттер жасаған төрт қыз ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деді Берік Асылов.

– Ф.Қ. Айтқали – 78 640 теңге айыппұл салынды;
– Ғ.Қ. Халмурат – 39 320 теңге (заңды өкілі анасына)айыппүл салынды;
– Н.А. Асылбек – 39 320 теңге (заңды өкілі анасына) айыппүл салынды;
– М.К. Нұркешева – 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бас прокурор Атырау полициясы қылмыстық кодексінің 372-бабы (Мемлекеттік рәміздерді қорлау) бойынша қылмыстық істің тергеліп жатқанын еске салды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар