Астанада екі еркектің лифт ішінде сүйіскен видеосы желіде тарап кетті(ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 мамыр, 2025
- 69

Астанада екі еркек лифт ішінде аймаласып, сүйіскен. Оларға қатысты тың дерек пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Екі ер адамның бірі лифт есіктерін бірнеше рет жұдырықпен ұрған. Сот кезінде оның бейнебақылау камерасын қасақана бүлдіргені белгілі болды.
Ол өзінің кінәсін толық мойындап, мас күйінде құқық бұзушылық жасағанын түсіндірді.
«Құқық бұзушылықты жасау мән-жайлары, құқық бұзушының түсіндірмесінен басқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, түсініктемелермен және полиция инспекторының баянатымен расталды.
Сот қаулысымен Ш. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі және 434-бабы 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Шығын өтелмегендіктен, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды», — делінген қалалық сот хабарламасында.
Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.