Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жалғыздық адамды шаршатады»: Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды

«Жалғыздық адамды шаршатады»: Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды
Сурет: ашық дереккөздерден
Мақпал Жүнісова сырын айтып, мұңын шақты

Әнші Мақпал Жүнісова өмірі туралы сыр шертіп, қызы Мерейдің ерте есейіп кеткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі қызын бала демей, мұңын шағып алатынын айтты.

«Өнер иесі қызы Мерейдің ерте есейіп, өзіне сырлас дос болғанын айтты. Қандай іс болсын, алдымен қызымен ақылдасатынын атап өтті.

«Қызымның айтқанын тыңдаймын. Сәл сырқаттанып қалсам, жаны шығып кете жаздайды. Мама, сен ауырмашы, сен әлі керексің дейді. Ақыл айтып қоятыны да бар. Балам емес, менің досым сияқты. Сырымның бәрін Мерейге айтып отырамын. Мұңымды шағамын. Оны бала ғой демеймін. «Мама, мына шешіміңіз дұрыс екен, мына әнді айтқаныңыз дұрыс болды» деп пікірін айтып отырады. «Мерей, мына жерге барсам қалай қарайсың?» деп кейде ақылдасамын, сол кезде «Мама, бармай-ақ қойыңыз» деп оған да ақыл-кеңесін береді. Кейде жалғыздық деген адамды шаршатады ғой. Зәкеңді қайта-қайта еске алатын кездерім болады. Ондайда халықтың өзі басу айтады. Сіз жалғызбын деп айтпаңыз, біз бармыз, сізді жақсы көретін халық бар екенін ұмытпаңыз, сіз бақытты болуға лайықсыз, сіз бақыттысыз деп жатады. Әрине, халықтан үлкен емеспіз. Ұлық болсаң, кішік бол деген. Халықтың сөзін тыңдаймын. Өйткені бізге баға беретін де, көкке көтеретін де халық. Сүрініп кеткенімізді кешіретін де халық. Ал сахнада өзімді бақытты сезінетінім рас», – дейді әнші.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар