Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«-1°С-қа дейін үсік жүреді»: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы

«-1°С-қа дейін үсік жүреді»: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сурет: mir-ogorodik.ru
Қазақстанның көптеген аймақтарында жел күшейеді

Синоптиктер 5 мамыр күніне арналған ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, еліміздің батысы мен шығысында найзағайлы жаңбыр жауады, ал батыста жаңбыр қатты жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Қазақстанның көптеген аймағында жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Акмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде -1°С-қа дейін үсік жүреді деп болжануда.

Синоптиктер жоғары өрт қаупі сақталатын өңірлерге ескерту жасады. Олар:

  • Қызылорда облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Алматы облысының солтүстігі мен орталығы;
  • Атырау облысының оңтүстігі;
  • Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі және шығысы;
  • Ұлытау облысының шығысы, оңтүстігі және орталығы;
  • Ақтөбе және Павлодар облыстарының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы;
  • Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы, орталығы және оңтүстігі;
  • Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы және оңтүстігі;
  • Ақмола облысының батысы мен оңтүстігі;
  • Жетісу облысының батысы, солтүстігі және оңтүстік-шығысы;
  • Абай облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі және орталығы.

Түркістан облысының шөлді өңірлерінде, сондай-ақ Қызылорда облысының шығысы мен орталығында ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар