
Сара Назарбаева ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайлы KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kzсайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Рафаэль Гасанов Сара Назарбаеваның сырқаты туралы хабардың рас екенін айтты.
Сайт Сара Назарбаева ем қабылдап жатқан аурухананың баспасөз қызметіне де пікір алу үшін жүгінді, алайда әзірге жауап алған жоқ.
Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. Өз тегі - Қонақаева.
1962 жылы Сара Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Араға бір жыл салып Дариға есімді қызды дүниеге әкелді. Көп ұзамай Динара мен Әлия Назарбаева дүниеге келді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Сара Алпысқызы қоғамдық жұмыстарда белсенді болды. 1992 жылы ана мен баланы, жетім балаларды қамқорлыққа алатын және білім алуына жәрдемдесетін "Бөбек" қорын ашты. Қазақстанда тұңғыш "SOS Киндердорф" балалар ауылын ашылуына мұрындық болды.
Қоғамдық жұмысы үшін "SOS Киндердорф" халықаралық қорының алтын медалімен, ЮНИСЕФ арнайы сыйлығымен, "Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін" Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен және Қазақстанның бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапатталған. Сондай-ақ, бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы халықаралық жүлдесі және "Құрманжан Датқа" мен Unity халықаралық жүлдесіне ие болған. Софи Лореннің Ресей "Қызыл крест" қоғамы тағайындаған "Алтын жүрек" халықаралық жүлдесін тапсырған.