Қоғам
Көлік жүргізіп келе жатыпа телефонға қарағандарды енді дрондар түсіріп алады
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 мамыр, 2025
- 79

Енді көлік жүргізушілердің тізгінде отырып ұялы телефонға қарағандары дрон арқылы анықталатын болады
Түркістанда жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер дрондар көмегімен анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан-Кентау бағытындағы автожолда тыйым салынған жерде қарсы бағытқа шыққан екі көлікті дрон тіркеген. Сондай-ақ қауіпті маневр жасаған Toyota және Hyundai көліктерінің жүргізушілері де құрылғы көмегімен анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары сотқа жолданған. Екі жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Жалпы алғанда, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша -10, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған -140, тыйым салынған орынға тоқтаған - 80 жүргізушіні дрондар анықтап берді.