Басты жаңалықтар
АҚШ-та жүрген қазақстандықтарға 1000 доллар беріледі: елшішік үндеу жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 мамыр, 2025
- 68

АҚШ- та заңсыз жүрген қазақстандықтарға жаңа бағдарлама ұсынылды
Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі елде заңсыз жүрген адамдарға үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Елшілік АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі елде заңсыз жүрген азаматтар үшін өз еркімен қайтуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама қабылдағанын мәлімдеді.
Бұл бағдарлама аясында өз еркімен қайтам деушілерге қайту билеті толық төленіп, елге жеткен соң 1000 АҚШ долл. көлемінде қаржы бөлу қарастырылған.
Ол үшін CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет.
“Қамауға алынудан және басқа да қаржылық салдарлардан аулақ болудың ең қауіпсіз жолы”, - дейді Ноэм.
Елшілік АҚШ-та түрлі себептермен заңсыз қалып қойған ҚР азаматтарына осы мүмкіндікті мұқият қарастыруды ұсынды.