Қоғам
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 мамыр, 2025
- 287

Биыл Ұлы жеңіске - 80 жыл!
Бүгін 7 мамырда Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда мәлімдейді. Салтанатты шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы То Лам да қатысады.
“Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі”, – делінген хабарламада.
Келесі мақала