
Дәрігерлер оның жағдайы бір қалыпты аса ауыр деген.
Медиамаман Диас Ахметшәріп инсульт алып қазір комада жатыр.Оның миына қан құйылған, жағдайы аса ауыр екені айтылады.
Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып бастаған. «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі болып жұмыс істеді.
«Kazsport» телеарнасының алғашқы директоры, «Insport» телеарнасының бас редакторы болған.