«Бір мен үшін жандың талай түледің»: Тоқтар Серіков жұбайы Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:23
- 30

Танымал әнші Тоқтар Серіков әйелі Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен құттықтап, тілегін өлең жолдарымен жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Бір мен үшін жайқалатын гүл егін,
Бір мен үшін жандың талай түледің.
Мен қуансам сен балаша мәз болдың,
Мен сүрінсем, құламауымды тіледің.
Сенің туған күніңе арнап жарқыным,
Бар әлемнің жылулығын тіледім.
Өмір дейтін мына жарық мекенде,
Бірге соқсын жүрегіңмен жүрегім", - деп жазды Тоқтар Серіков Instagram желісіндегі парақшасында.
Желі қолданушылары да Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен құттықтап, оған ізгі тілектерін жолдады.
"Құтты болсын жасыңыз! Ғұмырлы, бақытты өмір тілеймін!","Жаңа жасыңыз құтты болсын, Бейбіт! Қос аққудай өнер айдынында Тоқтар екеуіңіз бірге жасай беріңіздер!", "Керемет, үлгілі отбасы, туған күніңіз құтты болсын!" - деп жазды олар.