Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ресейге барды

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ресейге барды
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы парадқа қатысу үшін арнайы Ресейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшысымен кездесу өткізеді.

Мәскеуге Жеңіс парадына ТМД елдерінің басшылары, сондай-ақ Венесуэла президенті Николас Мадуро, Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва, Сербия президенті Александр Вучич, сондай-ақ Словакия үкіметінің басшысы Роберт Фико мен Босния және Герцеговина Српка Республикасының президенті Милорад Додик келеді, деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Мәскеудегі Жеңіс шеруіне барлығы 19 елдің көшбасшылары келеді деп күтілуде.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар