Жеңістің 80 жылдығына арналған 1000 теңгелік банкнот айналымға шығады
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 мамыр, 2025
- 64

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі орталық банкке сілтеме жасап хабарлайды.
Банк өкілдерінің дерегінше, банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген.
“Қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін Ұлттық банк ұлттық валютада мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарғалы отыр”, – делінген банк хабарламасында.
Дизайнына келсек, банкноталардың түсі – қоңыр-сарғылт. Алдыңғы бетінде Даңқ мемориалы бейнеленген. Сондай-ақ микро-оптикалық қорғаныс жолағы бар. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері мен мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.
Екінші бетінде тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы және ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.
“Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті”, – дейді Ұлттық банк өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Әйелдердің ерлерден мәһір мен сыйлық сұрауына тыйым салынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 8 мамыр, 2025