Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

LRT ісі бойынша қашып жүрген Талғат Ардан Түркиядан ұсталды

LRT ісі бойынша қашып жүрген Талғат Ардан  Түркиядан ұсталды
kyn.kz
Астана соты оны сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған еді.

2019 жылғы қыркүйекте Бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын.

«Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген. Биыл ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары оны Анталья қаласында ұстады. Биыл 9 мамырда Анталья қаласының соты Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазір қамауда», – деп хабарлады ҰКҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.

Айтар болсақ, осыған дейін Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған болатын. 

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Талғат Ардан – Түркияда, ал Сұлтанбеков АҚШ-та екенін мәлімдеген.

Елордада жеңіл рельсті жобаны жүзеге асыру жобасы 2011 жылы басталғанымен, жаңа жолдың құрылысы әлі де аяқталған жоқ. Елордада қала әкімдері ауысты – олардың кейбіреулері жобаны қабылдамады, бірақ соған қарамастан, LRT-ға ақша бөлінді. Қоғамда оны “қазақ жемқорлығының ескерткіші” деп атап кетті.

Қарапайым қызметкерлер сотта отырып, жүздеген миллион долларды құрайтын сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастыра алмағандарын түсіндіруге тырысады. Бұған дейін Astana LRT ісі бойынша айыпталғандар жобаның басқа кураторларын сотқа шақыруды талап еткен еді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар