Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абайдың 180 жылдығына орай «SEMEY OPEN 2025» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Абайдың 180 жылдығына орай «SEMEY OPEN 2025» республикалық пікірсайыс турнирі өтті
kyn.kz
Турнир нәтижесінде Мирам Тұрысбеков (Абай облысы) пен Хасанов Еркебұлан (ШҚО) үздік шығып, бас жүлдені иеленді. Жеңімпаздарға 250 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласы әкімінің кубогіне арналған «SEMEY OPEN 2025» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Республикалық деңгейде өткен бұл зияткерлік сайысқа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан, сондай-ақ Абай облысынан келген 60-қа жуық пікірсайысшы қатысты.

Сонымен қатар, Мирам Тұрысбеков «Үздік спикер» атанды.

Финалист атанған топтар қатарында келесі командалар болды:

Бинұр Ахатқызы (Алматы қаласы) мен Амир Өміржанов (Астана қаласы);
Қазез Жұмаханов (Абай облысы) мен Жігер Сарсенбаев (Шығыс Қазақстан облысы);
Асылжан Рымқұлов (Абай облысы) мен Нұрхан Ералы (Павлодар облысы).

Сонымен бірге, «Жастар алаңында» Шығыс Қазақстан облысы атынан қатысқан Алмасұлы Мерхат пен Бақыт Баянды жеңімпаз атанды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар