Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Маған албасты деді”: Меруерт Түсіпбаева өзіне Майра Ілиясованың бейәдеп сөз айтқанын жеткізді

“Маған албасты деді”: Меруерт Түсіпбаева өзіне Майра Ілиясованың бейәдеп сөз айтқанын жеткізді
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Белгілі әнші Майра Ілиясовадан жағымсыз сөз естігенін айтты

Әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әпкесі Майра Ілиясовадан жағымсыз сөз  естігенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы желідегі парақшасында жазды. 

«Осы орайда менің де айтар- қосарым бар ….Шүкір! Семіз емеспін , бос сөз айтып күлдірмеймін ,мас күйімде сахнаға шықпаймын , ең бастысы — туфлиім де ,арым да таза. Бірақ , мен үшін бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ! Әлибидің адвокаттарына, халықтың жинаған ақшасына қатысты өршіген дау-дамайдан кейін, жаздың күні Майра апай, маған албасты деді астарлы ақиқатта…. Міне, мәдениет деген осы болар… Тек бұл жалғаннан ерте озған Мадина Ералиева әпкеме арналған бағдарлама болған соң әруағын сыйлап, түсірімнің аяғына дейін тып-тыныш қана отырдым… Үндемедім, жауап қатпадым… Бірақ жаман болдым. Түсірімнен кейін, Асхат Садырбайға айттым ренжіп, сен кеше Майра апай келмейді дедің ғой деп», — жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар