Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қорғаныш таңғышты еріксіз алып, суретке түсірген»: Air Astana әуекомпаниясы ерекше баланың өлімі үшін өтемақы төлейді

«Қорғаныш таңғышты еріксіз алып, суретке түсірген»: Air Astana әуекомпаниясы ерекше баланың өлімі үшін өтемақы төлейді
Сурет: CC BY-SA 2.0 / Kevin Hackert
Air Astana әуекомпаниясымен соттасқан алсматылық 5 миллион теңге өндіріп алды

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында алматылық тұрғыны мен Air Astana әуетасымалдаушысынан моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

И есімді азамат баласының өлімі үшін Air Astana әуекомпаниясын сотта жеңіп шықты.

Оның айтуынша, ұшақ Алматыға қонғаннан кейін әуежай қызметкерлері ауыр жағдайда жатқан баласын мүгедектерге арналған арба арқылы шығаруды ұсынған. Алайда бұл арба медициналық талаптарға сай болмаған.

Дәрігер мен ата-анасын жеке реанимобильді әуежай аумағына кіргізбеген. Нәтижесінде баланы ұшақтан терминалға амбулифтпен (қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған техника) тасымалдаған, алайда ол ауыр науқастарға арналмаған.

Нейрохирургтың қорытындысына сәйкес, бала қозғала алмайтын қалыпта, жатқызылған күйде болған, ал құжаттық бақылау медициналық пункт арқылы жүзеге асырылуы тиіс еді. Бірақ соған қарамастан, оны әдеттегі маршрутпен – шекаралық бақылау және суретке түсіру арқылы өткізген.

Air Astana жолаушының жағдайы жайында біле тұра, реанимобильді кіргізу қажет екенін халықаралық әуежайға хабарламаған. Қызметтердің арасындағы үйлестірудің болмауы салдарынан бала қажетті көмекті ала алмаған.

"Шекаралық бақылау кезінде кератитпен ауырған баланың көзіне тағылған қорғаныш таңғышты еріксіз алып, суретке түсірген. Келесі күні бала екіжақты пневмоторакспен ауруханаға түскен және ақпанда көз жұмған", – делінген сот құжатында.

Талап жартылай қанағаттандырылып, "Э" әуекомпаниясынан талапкердің пайдасына моральдық зиян ретінде 5 миллион теңге өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, сот үкімінде әуежай мен әуекомпанияның толық атауы көрсетілмеген – тек "Э" әуекомпаниясы" және "халықаралық әуежай" деп берілген.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар