Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Төрт жылдан бері түрмеде отырмын»: 16 жылға сотталған қазақстандық әнші алғаш рет сұхбат берді

«Төрт жылдан бері түрмеде отырмын»: 16 жылға сотталған қазақстандық әнші алғаш рет сұхбат берді
Сурет: видеодан скриншот
Есірткі жасап 16 жылға сотталған әнші үкіммен келіспейтінін айтты

16 жылға сотталған Q-pop бағытындағы "Madmen" тобының экс-мүшесі Алимурад Ибраимов алғаш рет 1806 media-ға сұхбат берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

2022 жылы оған есірткі өндіріп, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды.

“Бұрын есірткі қолданғанымды мойындаймын. Менің қатем де сол болды. Негізі істе жеті адам болды. Олардың жартысы есірткіні дайындап, жасырумен айналысқан. Бірақ көбі есірткіні өздері қолданатын. Қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылған адамдардың жартысын танымаймын. Топтағы әншілерден мен ғана сотталдым. Өйткені қылмыстық топтың басшысы Руслан Хван менің продюсерім болған. Бастапқыда продюсермен тек есірткі пайдаланып жүрдік. Қылмыстық топ туралы білмедік. Біздің сыртымыздан істелген дүние болды. Мен продюсеріммен жиі сөйлесіп, дос болғанбыз. Сондықтан мені осы істе сол адаммен байланыстырып қойды», – дейді Алимурад .

Әнші үкіммен келіспейтінін жеткізді. Бостандыққа шыққаннан кейін ол шоу-бизнеспен айналспайтынын айтты.

“Төрт жылдан бері түрмеде отырмын. Біреуі келіп немесе жазып хабарласқан емес. Әркім өзінің өмірін сүріп жатыр. Оларға ешқандай ренішім жоқ. Қолыңмен жасағанды мойныңмен көтеру керек. Бәлкім, менімен байланысса, өздерінің бостандықтарына қауіп төнетін шығар?! Мен 16 жылға сотталатындай ештеңе істемедім деп ойлаймын. Адам өлтіргені үшін сегіз жылға соттайды. Бұл жақта ойлануға уақыт көп. Сондағы байқағаным, есірткі қылмысымен отырғандардың көбі – жастар. Мысалы 1000 адам болса, соның жартысы – жастар. Бостандыққа шыққаннан кейін шоу бизнеспен айналыспаймын. Би билеп, асыр салудан шаршадым. Бостандыққа шыққаннан кейін 30-дан асамын, көп уақытымды жоғалтамын. Уақыт жоғалтқым келмейді», – дейді әнші. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар