Мексикада мэр болуға үміткер әйел тікелей эфир барысында өлтірілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 мамыр, 2025
- 15

Мексикада мэрлікке үміткер Есения Лара Гутьеррес тікелей эфир барысында қастандықпен өлтірілді. Митинг кезінде тағы үш адам қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі CNN сайтына сілтеме жасап.
CNN-нің хабарлауынша, кем дегенде жиырма рет оқ атылып, шабуыл төрт адамның өмірін қиған.
Мексика президенті Клаудиа Шейнбаум дүйсенбі күні таңертеңгілік баспасөз мәслихатында шабуылды растап, оның себебі туралы әзірге ақпарат жоқ екенін айтты.
«Біз өз әрекеттерімізді, әсіресе Қауіпсіздік министрімен үйлестіре отырып, осы сайлау кезеңінде Веракрус пен Дуранго тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетеміз», - деді ол.
Қайғылы оқиға Тексистепек қаласында болды. Бұл шағын елді мекенде шамамен 20 мың адам тұрады, ол мұнай өнеркәсібінің стратегиялық порты саналатын Коацакоалькостан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.