Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын”: Балжан Бидаш қайта тұрмысқа шығатынын айтты

“Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын”: Балжан Бидаш қайта тұрмысқа шығатынын айтты
Сурет: instagram/bidash_official
Балдан Бидаш тағы да тұрмысқа шығуға дайын екенін мәлімдеді

Белгілі әнші Балжан Бидаш қайта тұрмысқа шығу ойында бар екенін айтып, ажырасқан қыздарға кеңес берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, болашақ жарының тек сүйіп қана қоймай, тыныс бергенін қалайтынын жасырмады.

“Тұрмысқа шығу ойда бар. Тек қана сүюден бөлек, тыныс беретін, жалынымды сөндірмей, қайта биікке көтеретін мықты, өзіне сенімді адам керек екенін өмір түсіндіріп жатыр. Ең бастысы, маған не керек екенін жақсы түсінемін. Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын. Мүмкін, ол күндер де алыс емес”, – деп жазды әнші. 

Бұдан басқа Балжан Бидаш ажырасып кеткен қыздарға кеңес беріп, оларды батыл болуға шақырды.

“90 пайыз қыздарда болатын дүние. Неге өзімізді жоғалтамыз, өйткені іштегі қалауымызды айта алмаймыз. Жеке шекарамызды қорғай алмаймыз. Ашық сөйлесе алмаймыз. Көңілі қалмасын деп бәріне келісе береміз кейін өзімізді ұмытамыз. Батылдық жетіспейді. Қазақша тәрбиеміздің де әсері бар. Адамды жоғалтып алудан қорқып, манипуляцияның құрбаны боламыз. Әйелдің жай-күйі еріне тікелей байланысты. Күйеуің бәрінен шектемей, артық миыңды ашытпаса да бақытты болмасаң, онда мәселе – өзіңде. Өмірдегі тепе-теңдікті дұрыстай біл”, – деді Балжан Бидаш. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар