Шерзат Полат өлімі: сотта жасөспірім мен ағасын бір топ адамның ұрып жатқан видеосы көрсетілді (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:43
- 164

Талғарда аяусыз өлтірілген Шерзат Болатқа (Полат) қатысты сот процесі жүріп жатыр. Сотта жасөспірімд соққыға жыққан сәттің бейнежазбасы көрсетілді, деп хабарлайды
Оқиғаны куәгер сол күні балконнан түсіріп алған. Жазба іс материалдарына тіркелді.
Бейнежазбада Шерзаттың жерде жатқаны анық байқалады. Сондай-ақ жанында тағы бір адамның болғаны көрінеді. Оларға қарай бір топ адам жүгіріп барып, ұра бастайды. Біреуі жерде жатқан адамды мылтықтың сабымен ұрып жатқанын байқауға болады. Сонымен қатар, видеода әйелдің: "Жедел жәрдем шақырыңдар!" деп жанұшыра айқайлаған дауысы естіледі.
Прокурордың айтуынша, жерде жатқандар - қаза тапқан Шерзат пен оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев.
Айыпталушы Дархан Әскентай бейнежазбаға қатысты өз нұсқасын айтты. Ол бұл төбелеске қатыспағанын алға тартты.
"Нұрқанат пен Шерзаттың арасы шамамен 4-5 метр болды. Мен Нұрболдың (айыпталушы Тоқтаубаев – еск.) артынан бара жаттым, ажыратқым келді", – деді төбелестің шығуына себеп болған Әскентай.
Сондай-ақ, ол Шерзатты нақты кімнің ұрғанын көрмегенін айтты. Айтуынша, Нұрғанат Ғайыпбаев екі рет мылтық атқан.