Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды

Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды
Сурет: Nikita Bassov / AP
Тұңғыш президенттің жұбайы Сара Назарбаеваның ем алып жатқаны мәлім болды

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі Сара Назарбаеваға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Науқастың өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Науқас Ұлттық госпитальде емделіп жатыр", - деп жазылған Ұлттық госпитальдің Tengrinews.kz-ке берген жауабында.

Мекеме "Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 273-бабына сәйкес диагнозға, денсаулыққа қатысты мәліметтер дәрігерлік құпия екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, кеше Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар