Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Болат Назарбаевтың оны қызғанатынын естіп қалатынбыз»: Майра Ілиясова Мәдина Ералиеваның өмірі жайында сөз қозғады

«Болат Назарбаевтың оны қызғанатынын естіп қалатынбыз»: Майра Ілиясова Мәдина Ералиеваның өмірі жайында сөз қозғады
Сурет: ашық дереккөздерден
Әнші Болат Назарбаевтың Мәдина Ералиеваға деген сезімі туралы айтты

Қазақстанның Халық әртісі Майра Ілиясова марқұм Мәдина Ералиева мен Болат Назарбаевтың сол кезде қандай қарым-қатынаста болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында сөз қозғады. Айтуынша, Болат Назарбаев Мәдина Ералиеваға 150 шаршы метрлік пәтер сыйлаған.

«Мәдина Ералиевамен дос болдым. Жеке өміріне де куә болдым. Оның ол кезде жолдасы болған жоқ, ажырасып кеткен еді. Біз Болат(ред.) екеуін жақсы қабылдадық. Жалғыз өзі Арсенді өсірді. Арсенмен менің қызым жасты болды. Менің жолдасым Мәдинаның кластасы еді. Содан жақсы араласып кеттік. Болат Назарбаев(ред.) Мәдинаға қамқор болды. Оның қолы көп нәрсеге жетпей, шағын пәтерде тұрды. Оған 150 шаршы метрлік пәтер берді. Оны қазақ елі білді. Болат Назарбаев өте жақсы көрді, сүйді. Арасында қызғанатынын да естіп қалатынбыз. Мәдинаның өзі маған, үйде уақытында болмасам, ол кісі маған ренжиді деп айтатын. Бірге тұрған жоқ, бірақ қамқор болып келіп-кетіп жүретін. Ол кісі Мәдинаны сыйлап, әндерін, дауысын, өнерін жақсы көретін. Өмір ғой. Тағдыр сені айналдырып, әкеліп бір жолға салады. Сол жолда не көрсең соны көресің», — деді Майра Ілиясова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар