Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Назым Қаһарман Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру үшін Жоғары сотқа арызданды

Назым Қаһарман Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру үшін Жоғары сотқа арызданды
Сурет: Liter.kz
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Жоғары сотқа шағым түсірді

Назым Қаһарман адам өлтіргені үшін 24 жылға сотталған бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру үшін Жоғарғы сотқа арызданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жоғарғы сот әлі істі қараған жоқ. 

Сондай-ақ сәуірде Бишімбаев табыс көзі болмағандықтан, алимент төлеу туралы келісімді бұзғысы келгені белгілі болды.

"Бишімбаевтар тарапы төлемдерді қысқарту үшін алимент келісімін қайта қарауға арызданған. Ақшасы жоқ-мыс. Ол істі қарау сатысында. Әрине, оған келіспейміз", – деді Қаһарман.

2024 жылдың қыркүйегінде сот Қаһарманның Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы арызын қабылдамады, қарашада апелляциялық алқа бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Әйел балаларының тегін өзгерткісі келді, бірақ сот оған да рұқсат бермеген.

Назым Қаһарманның айтуынша, балалар марқұм Нүкенованы отбасы мүшесі және әкесінің әйелі деп санайды. Балалар онымен бірге уақыт өткізіп, үйлену тойларына да қатысты. Балалар Нүкенова мен Бишімбаевтың некелерін ресми түрде тіркемегенін сот процесі кезінде білген. Алайда заң бойынша ата-ана құқығынан айыруға отбасы мүшесін өлтіру негіз болып саналады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар