Қоғам
Қазақстанға +60 градустық ыстық келе жатыр: Қазгидромет түсініктеме берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 мамыр, 2025
- 571
Елімізге ыстық ауа райы келе жатыр деген хабарлама тарады
Қазақстанды қатты ыстық күтіп тұр деген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бұған қатысты Қазгидромет түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Видеода мұндай ыстықтың 60 жылда бір рет қайталанатыны туралы айтылған. Алайда синоптиктер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Қазақстанда аномальды ыстық күтіледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ресми ақпаратқа ғана сенуді, интернеттегі күмәнді дереккөздерге сенбеуді сұраймыз», деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
"Өзгеріс пен жаңару жылы": 2026 жылы көп адамдар табысқа жетеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2025
Қоғам
Қостанай облысы әкімінің орынбасарына жала жапты делінген блогер айыппұл арқалады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2025




