Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қаржаубай "сендерді өлтіремін" деп пышақ тақады»: Шерзат ісі бойынша тағы бір сотталушы сотта жауап берді

«Қаржаубай "сендерді өлтіремін" деп пышақ тақады»: Шерзат ісі бойынша тағы бір сотталушы сотта жауап берді
Сурет: видеодан скриншот
Шерзат Болат ісі бйоынша жауап алынған сотталушы өзіне қысым жасалғанын мәлімдеді

Шерзат Болаттың қазасына қатысты іс бойынша сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алу басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Нұрбол Тоқтаубаев інісі Азаматпен бірге Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі “Бұзақылық” бабы бойынша айыпталып жатыр. Сөзінше, сол күні танысы Дархан үшін «Қамажай» дүкеніне барған.

“Барған соң, сатушы Қаржаубайдан не болғанын сұрадым. Ол “досың ақша төлемеді” деді. Біресе “мен ұрдым”, біресе “ұлым ұрды” деді. Мен қанша төлеу керегін сұрап едім, 1000 теңге деді. Мен артығымен 1500 теңге бердім. Жазылып тұрған нөмірге аудардым. Одан досым үшін кешірім сұрап, Дархан, Думан үшеуміз қайтып кеттік. Жолда Дархан телефоннан түбіртекті көрсетті, “төледім, қағаз ақша да бердім. Қалғанын інім төледі” деді. Сол үшін мәселені анықтау үшін дүкенге қайтадан бардық. Қаржаубай агрессивті түрде пышақ алып оқталды. Біз оған “балаңмен шық” дедік. ”, – деді ол.

Тоқтаубаев өзінің 1996 жылғы екенін айтып, “Хуторский-95” деген сөзді айтпағанын алға тартты.

“Қаржаубай "сендерді өлтіремін" деп пышақ тақады. Абдырап қалдым.7-8 ірі жігіт келді. Шерзат Нұрғанаттан кілт алды да, кетіп қалды. Осыдан кейін мен де басқа жігіттерге қоңырау шалдым. Оларға “досымды ұрып кетіпті, мына жаққа жігіттер келді. Мәселені ушықтырмай шешіп кетейік” дедім. Қаржаубаймен дүкен ішінде ақша мәселесін талқылап тұрғам. Сол кезде сыртта төбелес басталып кетті. Ол “ақшаны қайтармаймыз” деді. Мен “жарайды, керек емес, бастысы Шерзат кешірім сұрасын” деп айттым”, – дейді сотталушы.

Ол Нұрғанат Ғайпбаевты тепкенін мойындап, бірақ сол кезде төбелес шығарғысы келмегенін айтты. Нұрбол Тоқтаубаев қылмыс болғаннан кейін бірер сағатта үйінде ұсталған.

"Маған қысым жасалды. Тәртіп сақшылары ұрды. Бұл туралы бірнеше рет арыз жаздым. Полиция бөліміне кірген соң жауап алғанша ұрды. Қысқасы, олар бізге: "Сендер туралы фильм түсірейік" деп айтты. Олар мені ұрды. Келгендердің бәрі, тергеушілер де ұрып соқты. Олар, былай айтасың, былай сөйлейсің деді. Қаржаубайдың өзі келді. Бізді қорлап, бізді де ұрды, куәгерлер бар", – деді Тоқтаубаев. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар