Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жаңбыр және бұршақ»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Жаңбыр және бұршақ»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: myslo.ru
Еліміздің кейбір өңірлерінде жауын-шашын күтіледі

Синоптиктер 17, 18 және 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жасады,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстан бойынша жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, дауыл күтіледі. Тек 17-18 мамырда Батыс Қазақстан, 17 мамырда Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Жаңбыр және бұршақ 17 мамыр - Маңғыстау және Қызылорда облыстарында, 17-18 мамыр - Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 18 мамыр - Ұлытау және Түркістан облыстарында, 18-19 мамыр - Павлодар, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарында, 19 мамыр - Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Жамбыл облыстарында жаууы мүмкін.

 Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында құмды дауыл күтіледі. Солтүстік және батыс өңірлерде 17-18 мамыр таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін. 

Елдің батысында күндіз +23…+32°С; солтүстік-батыста түнде +7…+15-тен +3…+10°С-қа дейін төмендейді, күндіз +15…+22-ден +18…+28°С-қа дейін көтеріледі; елдің солтүстігінде түнде +15…+20-дан +5…+10°С-қа дейін төмендейді, күндіз +26…+31, солтүстік аудандарда +16…+21-ден +10…+15°С-қа дейін, 19 мамырдан бастап +17…+25°С-қа дейін көтеріледі; орталықта түнде +15…+22-ден +5…+13°С-қа дейін төмендейді, 17 мамырда күндіз қатты ыстық +32…+37°С, өңірдің оңтүстігінде аптап ыстық +40°С, 18 мамырдан бастап күрт төмендеп +15…+20°С болады; шығыста түнде +15…+22°С, 17-18 мамырда күндіз қатты ыстық +32…+37°С, өңірдің оңтүстігінде аптап ыстық +40°С, 19 мамырда күрт төмендеп +13…+18°С болады, оңтүстікте түнде +18…+23-тен +10…+15°С-қа дейін төмендейді, 17 мамырда күндіз қатты ыстық +35…+43°С, 18 мамырдан бастап +20…+28°С болады, оңтүстік-шығыста 17 мамырда күндіз қатты ыстық +32…+37°С, өңірдің оңтүстігінде аптап ыстық +40°С, 18 мамырдан бастап +20…+25°С-қа дейін төмендейді.  

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар