Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"6 қымбат көлік, элиталық коттедж": Шымкенттегі М.Әуезов атындағы университетте жемқорлық дерегі анықталды

"6 қымбат көлік, элиталық коттедж": Шымкенттегі М.Әуезов атындағы университетте жемқорлық дерегі анықталды
Сурет: әлеуметтік желіден
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Шымкентте университеттегі ақша жымқыру схемасы әшкереленді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҚМА Шымкент бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.

"Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 миллион теңге болатын жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.

Аталған жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Бюджет қаржысы жалған актілер негізінде байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған", - делінген хабарламада.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік (Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 және т.б.) пен Шымкенттің орталығынан құны 254 миллион теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды.

4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қылмыстық іс сотқа жолданған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар