Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына жаңа басшы келді

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына жаңа басшы келді
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы лауазымына Шархан Тұрсынбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Шархан Шаймерденұлы Тұрсынбаев Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Қазақстан Халықтар достығы университетін бітірген.

Кәсіби мансабын 2010 жылы Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы болып бастаған.

Кейінгі жылдары Әуезов және Наурызбай аудандары әкімдерінің аппараттарында түрлі қызметтер атқарған.

2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2019 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, аппарат басшысы болған.

Осы тағайындауға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар