«Маған адам ретінде көп көмектескен»: Меруерт Түсіпбаева өзін «албасты» деген Майра Ілиясовадан кешірім сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:14
- 512

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады. Ол өнер иесінен “албасты” деген сөз естігенін мәлімдеген болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, өзіне Майра Ілиясова көп көмектескен екен.
«Достар әлеуметтік желіде неше түрлі алып-қашпа әңгімелер жазылып жатыр. Сол үшін мен осы даудың нүктесін бүгін қойғым келеді. Маған көп танымал адамдар хабарласып жатыр. Мақпал Жүнісова апам хабарласып, ұрысты. «Сенің жасың кіші, ол кісінің жасы үлкен, әрі беделді адам. Кешірім сұра» деп айтты. Мен кешірім сұрауға дайынмын. Майра Ілиясова ханымнан кешірім сұраймын! Шын мәнінде, ол кісі маған адам ретінде көп көмектескен. Ол кісінің барлық еңбегін бағалаймын. Бірақ біздің дау-дамай қоғамдық жұмысқа қатысты болған», – деді әнші.
Желі қолданушылары да Меруерт Түсіпбаеваны қолдайтынын және екі әншіні бір-бірімен дауласпауға шақырды.
Олар “Парасаттылығыңызды көрсеттіңіз, жарайсыз”, ”Дұрыс жасадыңыз, өмірде бәрі болады”, “Енді тату болып, бір сахнада әпкелі-сіңлілі болып өнер көрсетіңіздер”, “Кішірейгеніңіз көрегендігіңіз” деп жазды.