Қоғам
Шарм-эш-Шейх әуежайында қаза тапқан қазақстандық әйелдің денесі елге жеткізілетін болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:20
- 75

Құзыретті органдардың шешіміне сай марқұмның денесі Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізу жоспарланған
Египеттің Шарм-эш-Шейх әуежайында қаза тапқан Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілетін болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан ішкі істер органдарының ардагері мен оның ұлы сақтандырылған болып шықты.
Nomad Insurance сақтандыру компаниясы қайғылы оқиға туралы ақпаратты біле сала жедел мүрдені елге жеткізу шығындарына қаражатты аударған. Құзыретті органдардың шешіміне сай марқұмның денесі Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізу жоспарланған.
Айта кетсек, Египеттің Шарм-эш-Шейх әуежайында қазақстандық әйелдің қаза тапқаны туралы жазған едік.