Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жігіттермен келісіп алдық": Сотта басты айыпталушы Абзал Шынасыл қылмысты өз мойнына алуының себебін айтты

"Жігіттермен келісіп алдық": Сотта басты айыпталушы  Абзал Шынасыл қылмысты өз мойнына алуының себебін айтты
Сурет: ҚР Жоғарғф соты
Абзал Шынасыл сотта Нұрғанат Ғайыпбаевқа пышақ салғанын мойындады

Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот отырысында басты күдіктілердің бірі Абзал Шынасыл жауап берді. Сотта ол түрін көрсетіп, видеоға түсіруге рұқсат берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сотта адвокат Абзал Шынасылдың алдын ала тергеудегі 16-томда "Шерзатқа пышақты мен сұғып алдым" деп қылмысты неге өз мойнына алғанын сұрады. Айтуынша, олар бір-бірімен солай келісіп алған. 

"Қапшағайдағы тергеу изоляторына апармай тұрып, басымыз қосылып, сөйлесіп үлгеріп қалдық. Мұнда тағы Нұрбол Тоқтаубаев маған "сенде пышақ болды ғой" дегенде, мен оған "Шерзатты, мен мойныма аламын" деп бірден айттым. Ал Нұрқанаттың жамбасына тығылған пышақты Шыңғыс тықты деп келіскен едік. Полиция департаментінде де осы келіскендегідей айтып бердік. Тергеушіге де осылай айттым”, – деді Абзал Шынасыл.

Айтуынша, ол Нұрғанат Ғайыпбаевтың мылтық атқанына ашуланған. Оның жамбасына пышақ тыққанын мойындады.

“Нұрқанаттың жамбасына пышақ тықтым. Оны мойындаймын. Ол үшін қазір өкінемін. Оны өлтіру мақсатында тыққан жоқпын. Құйымшақтың жұмсақ жер екенін біліп тұрдым. Барғанда етбетінен жатты. Содан пышақты екі-үш сантиметр етіп ұстап, жамбасынан ұрып жібердім. Бәрі кеттік-кеттік деді, сосын кетіп қалдық. Кейін ойлана келе, Шерзатқа пышақ салған емеспін деп айтқым келеді. Ал Нұрқанатқа пышақ сұққанымды мойындаймын”, – деді Абзал Шынасыл.

Айта кетсек, Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру), 24-бабы (Қылмысқа дайындалу және оқталу), 293-бабы (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау) айып тағылған. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар