Үш рет пышақ сұқтым: Сотта Абзал Шынасыл сұмдық шындықтың бетін ашты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:10
- 1.6k

Сотта Абзал Шынасыл жантүршігерлік айғақ берді, деп хабарлайды KYN.KZ Stan.kz басылымына сілтеме жасап.
Басты күдіктінің айтқандары:
Ол Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың жамбасынан үш рет пышақ сұққанын мойындады. Сол сәтте оны артынан біреу ұстап алған. Кейін оның Дархан Әскентай екенін білген. Күдікті оның кім екенін білмей екі рет ұрғанын мойындады;
Абзал пышақты сүртіп, Данадан "саусақ іздерін жою үшін" Dizzy құйып беруін өтінгенін айтты. Сосын пышақты қорапқа емес, бөлек лақтыра салған;
Шерзатты жерде жатқан кезде тепкенін мойындады. Оның айтуынша, Нұрғанат Ғайыпбаев мылтығын алып, "Тоқта" деп айғайлап, оқ атқан. Ал оқ айыпталушының құлағының тұсынан өткен;
Абзалға қай баптар бойынша іс қозғалды:
Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 5, 9, 14-тармақтары (Аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен, кәмелетке толмаған адамға қатысты өлтіру);
293-бап 3-бөлігі (суық қару арқылы жасалған бұзақылық).