“Пышақты Абзал тығып алады”: сотта Нұрқанат Ғайыпбаевтың видеосы көрсетілді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:45
- 243

21 мамырдағы сот отырысында Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев пен Абзал Шынасылдың беттестіруінің видеосы көрсетілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада марқұм Ғайыпбаев Шынасылдың Шерзат Полатқа пышақ сұққанын айтады.
“Ана жерде төбелес болады. Сол кезде Шерзат келіп қалады артымнан. Шерзат мені тартады, аға қашайық деп. Сол кезде Абзал Шынасыл Шерзатқа қарай атылады. Сол жерде бірінші пышақты Абзал тығып алады. Ана жақта «Нұрғанат аға келші, маған бірдеңе тығып алды» деп айқайлады жан дауыспен. Мен жүгіріп барамын. Құшақтаймын. Көмегімді көрсетейін дегенде сол жағынан, артқы жағынан кәдімгідей пышақтың терең кіргенін байқадым. Аузынан лықылдап қан шығып жатты. «Жігіттер тоқтаңдаршы, скорый шақырыңдаршы» деп айқайлаймын. Бұлар оған қарамады, – дейді Нұрқанат Ғайыпбаев видеода.
Айта кетсек, Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ ұрғанын мойындады. Бірақ Шерзат Полатққа сұқпағанын айтты. Сөзінше, тергеу кезінде мойнына алуға мәжбүр болған.