«Үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз»: Қазақстанның барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 мамыр, 2025
- 527

22 мамырда еліміздің барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады. Осы орайда ТЖМ өкілдері халықты тыныштық сақтап, дүрбелеңге бой алдырмауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ведомствоға сілтеме жасап.
ТЖМ-ның мәліметінше, 2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында Қазақстанның барлық өңірінде "Өрт-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Бұл іс-шара басқару органдарының, азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесі күштері мен құралдарының табиғи өрт туындаған кездегі дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару республикалық штабы Павлодар облысында орналасады.
Трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіруге ден қоюды пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары тартылады.
Сондай-ақ аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 22 мамырда сағат 09.00-де "Баршаның назарына!" дабылы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады.
"Осыған байланысты тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", - дейді ТЖМ өкілдері.