Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен

Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен
Сурет: видеодан скриншот
41 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен әріптесі ұсталды

41 жастағы марқұм он күн бұрын із-түзсіз жоғалып, зорлық-зомбылық белгілерімен өлі табылған. Туыстары күдікті бастығын өлтіруді төрт ай жоспарлағанын айтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

"Алдында аңдып жүргені де содан, қолайлы сәт іздеп жүрген. Неше айдан бері ойластырып. Жалғыз өзі істеген жоқ. Немесе басқа біреулерді апарып, дайындап қойды. Лудоман болған деді", - дейді марқұмның анасы Халида Игелдиева.

23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай, осы қылмысқа баруы мүмкін дейді қара жамылған ана. 8 мамырда түскі сағат үште қаза болған Жанболат Кенжеахметов күдіктінің көлігіне отырған, дейді туыстары.

Телеарнаның ақпаратына сай, көше мен тұрғын үйлердегі бейнебақылау камераларына қылмыскердің әрекеттері түсіп қалған.

"Із жасыру үшін мәйітті бір күн бойы көлігінің салонына салып жүрген", - дейді КТК тілшілері.

Еске салайық, он күн бұрын жұмысқа кетіп, қайта оралмаған көкшетаулық азаматтың қинау белгілері бар мәйіті табылған еді. Көп ұзамай полиция қызметкерлері күдікті ретінде марқұмның әріптесін қамауға алды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар