Қоғам
«Қашанғы шыдаймын?»: Алматы облысында ер адам әйелін балаларының көзінше аяусыз ұрған (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 мамыр, 2025
- 846
Алматы облысында ер адам әйелін шашынан тартып ұрып-соққан
Алматы облысында ер адам әйелін балаларының көзінше аяусыз ұрып-соққан видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, 10 жасар ұлы анасын соққыға жығып жатқан әкесін тоқтатпақ болған. Бейнежазбада ер адамның баласының тоқтатқанына да қарамастан әйелін ұрып жатқаны көрінеді.
Ал қыздары "Әке, қойыңызшы!" деп айқайлап, көшеде жүгіріп жүрген.
Отбасының тоғыз бала тәрбиелеп отырғаны айтылған.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстауда мұнай компаниясына 474 млн теңге айыппұл салынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 мамыр, 2026




