Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ақнәрді қинаған құрбылары»: Меруерт Түсіпбаева терезеден құлап қаза тапқан бойжеткеннің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

«Ақнәрді қинаған құрбылары»: Меруерт Түсіпбаева терезеден құлап қаза тапқан бойжеткеннің өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Әнші Алматыда терезеден құлап қаза тапқан бойжеткеннің өліміне қатысты тың ақпаратпен бөлісті

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Алматыда қаза болған Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бойжеткеннің өліміне қатысты кейбір жайттардың бетін ашты. Ол ата-аналарға қыздарының кіммен дос болып жүргенін мұқият тексеруге кеңес берді.

«Қытайдан келген қандас бауырлармен көп араласамын… Олардың, әсіресе қыз балаға берген тәрбиелеріне сүйсініп жүремін (үй шаруасына, ата — анаға құрмет, еңбекқорлығына). Осы аптада, бір сұмдықтың көзі ашылды, мынау фотодағы тұрған небәрі 21 жастағы, КИМЭП-те оқитын аруды 8-9 ай бұрын, Қытайда туып өскен қытай азаматшалары (қазақтың қыздары) қинап, қорлап, тонап, ұрып, 7-қабаттан лақтырып жіберген… Обал-ай…

Күдікті қыздардың жасы — 20-да , біреуі — 24-те… Ал, Ақнәрдің анасы әділдік іздеп сабылуда…  Өйткені, қылмыстық істі суицид деп саралап отыр біздің құқық қорғаушылар… Енді менің ойым — бойжеткен қыздарыңыздың қандай құрбысы бар, қандай ортада араласып жүр, соның бәрін қадағалап отыру керек! Бишімбаев, Салтанат марқұмды қалай қинап өлтірсе, Ақнәрді де солай қинаған құрбылары… Ашық сотты талап етеміз!!! Халық олардың бет — жүздерін әлбетте көру керек!!! Беттері тілінсін бетпақтардың», — деп айтты ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар